«Rixos» қайғылы оқиға туралы ақпарат таратудан бас тартты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Rixos» қонақ үйі бүгін отельде болған қайғылы оқиға туралы ақпарат таратудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қонақ үй әкімшілігінің сөзіне сүйенсек, бүгін отельде ешқандай қайғылы оқиға болмаған.  

«Біз ешқандай ақпарат бере алмаймыз, ғимараттан кетіңіз! Ештеңе болған жоқ, штаттық режімде жұмыс жасап жатырмыз», - деді тіркеу бөлімінен тілшімізге.         

Оқиға орнында «ҚазАқпарат» тілшісі куәгерлерден мерт болған адамды жедел жәрдем алып кеткенін білді. Айта кетейік, «Риксос» қонақ үйі маңында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Куәгерлер жедел жәрдем көлігі осы құрылыс алаңынан шыққанын айтты.  

Бүгін тал түсте Алматыдағы «Rixos» отелінің шатырынан жұмысшы құлап мерт болды. Бұл туралы куәгерлердің бірі хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар