РФ Тергеу комитеті Петербургте лаңкестік жасаған адамды анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей тергеу комитеті Санкт-Петербургте лаңкестік жасаған адамды анықтады. Бұл туралы ТК баспасөз хабарламасында айтылған.

«Санкт-Петербург метросында пойыз вагонында жарылыс жасаған ер кісі анықталды. Ол 01.04.1995 жылы дүниеге келген Акбаржон Джалилов болып шықты», - делінген хабарламада.

«Газета.Ru» дерегі бойынша, жанкешті Акбаржон Джалилов Санкт-Петербургтағы көлік шеберханасында жұмыс жасаған, Ресей азаматтығын 2011 жылы Қырғызстанның Ресейдегі Бас консулдығында алған.

Еске сала кетейік, 3 сәуір күні Санкт-Петербург метросының «Сенная площадь» бекетінде жарылыс болды. Соңғы дерек бойынша, 14 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар