Ресейліктің әкесі СҚО-дағы тұрақты мекені жоқ адамдардың арасынан табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО полицейлері ресей тұрғынына әкесін тауып беруге көмектесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА СҚО ІІД сілтеме жасап.

Ресейдің Тюмень облысының тұрғыны департамент басшысының блогына хат жазып, бірнеше жыл бұрын жоғалып кеткен әкесін тауып беруге көмектесуді өтінген. Учаскелік инспекторлар жоғалған әкені тауып берді. Ол тұрғылықты мекені жоқ азамат болып шықты. Қуанышты хабарды  естіген қызы  Петропавлға келіп әкесін алып кетті.

Қаңтар айында ІІД блогына әлеуметтік желілер арқылы шыққан әйел департамент дайындаған бейнематериалдар мен суреттерден өзінің жақын туысын танығаны жөнінде хат жазған. Бейнематериалда үйсіз-күйсіз адамдарды түнгі паналату үйі көрсетілген болатын.  

Соңғы жаңалықтар