Ресейлік сарапшы Елбасының бес әлеуметтік бастамасына қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі президент сайлауына санаулы күндер қалды. Сегіз үміткер әлі де сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ресейдегі Қазақстан елшілігінің сайты.

Олардың басым бөлігі әлеуметтік мәселені шешіп, экономикалық теңсіздікті азайтамыз деп уәде беріп отыр. Мәселен, парламенттік "Либералды-демократиялық партия" мен "Коммунистік партия" аз қамтылған отбасыларға салық көлемін азайтуды ұсынды.

Бұл тұрғыда экономистер Ресейде қазақстандық тәжірибенің жүзеге асуы мүмкін екенін айтады. Еуразиялық даму банкінің бас экономисі Ярослав Лисоволиктің пікірінше, Қазақстан президенті көтерген бес әлеуметтік бастама, әсіресе, жалақысы аз қазақстандықтар үшін салық жүктемесін азайту, жоғары білім алуға жағдай жасау, шағын және орта бизнеске несие беру халықтың өмір сүру деңгейін жақсарта түсері айдан анық.

- Қазақстан - тұрғындар кірісінің теңсіздігін азайту жағынан еуразиялық кеңістіктегі табысты экономикасы бар елдердің бірі. Мұндай шара салық жүктемесінің көптігін азайту үшін жасалып отыр. Ең алдымен, халықтың аз қамтылған топтары үшін салық жүктемесін төмендету жөнінде айтсақ, Қазақстан - бұл шараларды жүзеге асыру барысында алдыңғы қатардағы ел»,-дейді Еуразиялық даму банкінің бас экономисі Ярослав Лисоволик.

Фото: kazembassy.ru

Соңғы жаңалықтар