Ресейлік хэдхантер Астана тұрғындарына жұмысқа тұру жолдарын үйретпек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 маусым күні мәскеулік рекрутер және хэдхантер Ильгиз Валинуров Астана қаласының жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне «Рекрутинг 100 пайызға» атты тегін тренинг өткізеді, деп хабарлайды елорданың медиа орталығы .

Сондай-ақ, Ильгиз Валинуров  бос жұмыс орындарын іздеп жүргендер арасында «Мен мінсіз үміткермін: арманыңдағы жұмысты қалай табуға болады?» атты шеберлік сыныбын өткізбек. Онда қатысушылар жұмысты іздеу жолдары, жұмыс берушіге ұнайтындай сапалы түйіндемені жасау амалдары, қажетті еңбекақы көлемімен келісу тетіктері сынды сан-салалы сұрақтарға жауап таба алады.

1 шілде күні «РостТренинг» компаниясы Валинуровтың қала кәсіпкерлері мен кадрлық қызметкерлер және HR-мамандарына арнап «Бюджетсіз рекрутинг» тренингін ұйымдастырады.

 

Соңғы жаңалықтар