Ресейлік депутат ЕАЭО-да қос азаматтықты енгізуді ұсынып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына тағы бір ортақ азаматтықты беруді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Рolitnavigator.net сайтына сілтеме жасап.

«Одақтас елдердің азаматтарында екінші азаматтық болуы керек деп санаймын. Осыны ылғи айтып отырамын. Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтың азаматтары үшін де қос азаматтықты енгізуге болады. Ондай тәжірибе Еуропа одағында бар. Алайда аталған бастамаға біздің ішкі келіспеушіліктеріміз ғана емес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жеке ұстанымы да кедергі болып отыр. Мәселен, Арменияда ондай ұсынысты қолдайтын сияқты. Ал Белоруссия мен Қазақстан оны қалап отырған жоқ», - деді Затулин журналистерге берген сұxбатында.

Айта кетейік, бүгінде Еуразиялық экономикалық одағына бес мемлекет кіреді. Олар - Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Армения.

Соңғы жаңалықтар