Ресейлік дебютант танымал қазақстандық боксшыны нокаутқа жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Рустам Сваев (1-1, 0 КО) кәсіби рингте алғаш рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz  сайтына сілтеме жасап.

Рустан Сваев Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокс кеші аясында жергілікті дебютант Равшан Ергашевке (1-0, 1 КО) есе жіберді. Орта салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек төрт раундқа жалғасты. Ресейлік боксшы оны төртінші раундта нокаутқа жіберді.  

Сваев Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2009 жылы Миланда өткен Әлем чемпионатында 64 келіге дейінгі салмақта бесінші орын алды. 2011 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия чемптонатында «күміс» еншіледі (69 келіге дейін). 2015 жылы Сербияның Белград қаласында АІВА-ның «А» санатындағы халықаралық турнирінің үздік боксшысы атанды (75 келіге дейін). Осы жылы ол елордалық «Астана Арланс» клубының сапында өнер көрсете бастады. 

Соңғы жаңалықтар