Ресейде XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалі өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сочи қаласында ашылған XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалінің (БЖСФ) басты тақырыбы әлемнің болашағын құру болмақ. Фестивальге әлемнің 180 елінен 20 мыңнан астам жастар қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалінің президенті (БЖСФ)  Николас Пападимитриу фестиваль жастарға сенім мен жігер береді деген сенімін білдірді. Шараны ұйымдастырушылар басында фестивальге 20 мың адам қатысады, оның тең жартысы ресейліктер ал қалғаны әлемнің 180 елінен келген шетелдік қонақтар болады деп мәлім етті, алайда сенбі күні фестивальдің баспасөз қызметі форумға адамның жоспарланған мөлшерден көп келгенін атап өтті. Фестивальдің қонақтары мен спикерлерінің тізімі де аз емес. Әлемнің жастарымен ресейлік саясаткерлер мен министрлер, танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, діни ұйымдардың өкілдері кездеседі.

Шетелдік құрметті қонақтар қатары да көп. Атап айтар болсақ, Халықаралық футбол федерациясының бас хатшысы (ФИФА) Фатма Самура, мотивация беруші шешен Ник Вуйчич, кинорежиссер Клод Лелуш, музыкант Мишель Легран, Google-дің дамушы нарықтар бойынша GR-директоры Дорон Авни, сондай-ақ Бүкіләлемдік жабайы хайуанаттар қорының бас директоры (WWF) Марко Ламбертини келген.

Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалі фестивальдік қозғалыстың көпжылдық дәстүріне сәйкес, күн сайын ғаламшарымыздың бір аймағына: Америка, Таяу Шығыс, Азия және Мұхит аралдары, Еуропаға арналатын болады. 21 қазанда фестивальде Ресей күні жоспарланған.

Фестивальдің талқылау бағдарламасы 12 жаһандық тақырыпты қамтиды: «Болашақтың ғылымы және жаһандық білім беру», «Болашақты жобалау: сәулет және дизайн», «Болашақ технологиялары», «Экология және денсаулық», «Халықаралық мәдени кеңістік», «Болашақ авиациясы», «Жаһандық саясат және оның күн тәртібі: әлемді қалай қорғау керек», «Болашақты дамыту экономикасы», «Дүниежүзілік теміржол желісі: болашаққа жақындай отырып», сондай-ақ «Жаңа медиа» және «Азаматтық даму платформасы».

Фестиваль ұйымдастырушылары жиырмаға жуық спорт алаңдарын ұсынады. Олардың арасында Жібек жолы ралли-марафонының, көше баскетболының, воркутаның, би спортының, акробатикалық рок-н-роллдың, ұлттық спорт түрлері мен экстремалды спорт  түрлерінің интерактивті аймақтары бар.

Бұдан басқа, коньки тебу және хоккей мен мәнерлеп сырғанау үшін алаңдар,  жауынгерлік өнер көрсету аймағы жасақталады.

Кең ауқымды бағдарлама 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем кубогына арналады. БЖСФ негізгі оқиғалары Сочидегі Олимпиадалық парктің аумағында ұйымдастырылады. Басты медиа-орталық аумағында пікірталастар, ғылыми және білім беру бағдарламалары, «YOUTH EXPO» жастардың жетістіктер көрмесі өтеді және кинофильмдер көрсетіледі.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын БЖСФ Мәскеуде 1957 жылы және 1985 жылы екі рет өткен болатын.

XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалі Мәскеуде 14 қазанда басталды. Фестивальдің негізгі оқиғалары 15-22 қазанда Сочидегі Олимпиада паркінде өтеді.

Форумда 180 елден келген 18-35 жас аралығындағы түрлі салалардың биік шыңдарын бағындырып жүрген жас кәсіпқойлар бас қосады. Фестивальді өткізуге 5 мыңнан астам ерікті көмек көрсетіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар