Ресейде Қазақстанның азық-түлік өнімдерінің үлесі артып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Қазақстанның Сауда өкілдігі Ұлттық экономикадан Инвестициялар және даму министрлігіне беріліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресей нарығына бағыттау бойынша жұмысты күшейту мақсатында ағымдағы жылы Қазақстандық өнімді ілгерілету үшін 50-ден астам іс-шара өткізіліп, 100 млн АҚШ долларына келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, жыл басынан бері Ресейде тек қазақстандық өнімдерді сататын 20-ға жуық мамандандырылған дүкендер ашылды. Ресейлік дүкендерде және супермаркеттерде қазақстандық азық-түлік өнімдерінің үлесі артып келеді. Отандық өндірістің уақтылы қызмет көрсетуі Ресей Федерациясында тұз нарығының 13 пайызын иеленуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін ҚР Ұлттық экономика министрлігінен Инвестициялар және даму министрлігіне беру процесі жүріп жатыр. Қазіргі кезде жоба Әділет министрлігінде.

Соңғы жаңалықтар