Ресей шекарашылары Қазақстан пойыздарын тексермейді
Енді құжат Парламент Сенатының қарауына жіберіледі.
«Хаттамамен тараптардың басқаруына берілген теміржол учаскелері бойынша мемлекеттік шекара арқылы жолаушылар және жүк пойыздарының тоқтатусыз өту тәртібі қарастырылады. Сонымен қатар тотатусыз өтетін пойыздар шекара қызметі жағынан болатын тексерулерге жатпайды. Аталған нормалар жолаушыларды жеткізу мерзімін бір бағытта 36 сағаттан 23 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді»,- деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасы бойынша баяндама жасау барысында.
Министрдің сөзіне қарағанда, бұдан басқа, хаттамамен өзге елдің аумағында орналасқан бір елдің теміржол учаскесінде жүк операцияларын жүргізу үшін стансаларды ашу және жабу тәртібі регламенттеледі. Хаттамамен шекаралық аймақтардағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Соның ішінде жергілікті атқарушы органдарға конкурсты ұйымдастыру, тасымалдаушылардың шығынын субсидиялау ережелерін әзірлеу бойынша құзыреті берілетін болады.