Ресей өз энергетикасының бәрінен де таза екенін мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, қазірдің өзінде Ресейде қуат көздерінің басым бөлігі таза технологияға негізделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашығын айту керек, баламалы энергетиканың арқасында барлық мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда газдың барынша таза энергияның көзі бола алатынын мойындаумыз қажет. Ресей газ энергетикасын дамытудың арқасында парниктік газдардың мөлшерін азайтып отыр. Қазір бізде энергия ресурстарын тұтыну көлемінің жартысы газға тиесілі. Көмірдің еншісінде - 15-ақ процент. Ал гидростанциялар, атом мен баламалы қуат көздері энергияның 35 пайызын беріп отыр. Оған газды қоссақ, 85 пайыз болады. Осылайша, бүгінде Ресей аймағында энергияның басым бөлігі көмірсутегі жоқ, я болмас,  көмірсутегі төмен шикізаттан өндіріледі. 2035 жылға дейін біз аталған көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізуді көздейміз. Дегенмен, қазірдің өзінде әлемің ірі экономикаларымен салыстырғанда,Ресейдің энергетикалық балансы таза әрі бірнеше саланы қамтиды. Бұл үздік тәжірибе болып саналады», - деп атап көрсетті Новак.

Айта кетейік, бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі аясында энергетика жөніндегі VIII Халықаралық форумы мен осы саладағы министрлердің кезекті конференциясы өтті. Отырыс барысында РФ энергетика министрі Александр Новак Еуропаның қазіргі ұстанымына өз елінің ренішін білдірді.  Ал  Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих мұнай бағасына болжам жасады. 

Соңғы жаңалықтар