Ресей ОСК-на заңбұзушылықтар туралы 6 мыңнан астам шағым түсті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясына заңбұзушылықтарға байланысты 6 мыңнан астам қоңыраулар мен шағымдар түскен. Бұл туралы РФ Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі.

«Бүгінгі таңға сайлау комиссияларының кемшіліктеріне, сайлау процесінің бұзылуына байланысты сайлаушылардан 6 мың 366 жазбаша шағым түсті»,-деді Орталық сайлау комиссиясының басшысы.

Оның сөзінше, ОСК-ға түскен 200-ге жуық шағымдар қарау үшін РФ Бас прокуратурасына жолданған.

«200-ге жуық шағым Бас прокуратураға жолданды, 40-тан астамы губернаторларға жіберілді. 2-3-уі тергеу комитетінде»,-деді Э.Памфилова шағымдардың бірқатары ішкі істер министрлігіне жолданғанын қоса айтып.

РФ Орталық сайлау комиссиясы басшысының айтуынша, шағымдар кейбір штабтарда байқаушыларға берілген анықтамалардың алынып қоюымен байланысты болып отыр. Алайда бұл проблемалар жедел түрде шешімін тапқан.

Сонымен қатар ол әкімшілік ресурстардың қолданылу мүмкіндігіне байланысты шағымдар түскендігін жеткізе кетті.

«Қазіргі таңда олардың саны - 795. Олар тексерілуде»,-деді ол.



Соңғы жаңалықтар