Ресей Астанадағы конференция арқылы өз ренішін білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астандағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында тұрақты энергетика жөніндегі VIII Халықаралық форумы мен осы мәселеге арналған министрлердің кезекті конференциясы басталды. Жиынның пленарлық мәжілісінде сөз алған РФ энергетика министрі Александр Новак Еуропаның санкциялық текетіреспен тым әуестеніп кеткенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрақты энергетика жайында айтқанда бізді алаңдатып жатқан мәселелерді жылы жаба салуға болмайды. Меніңше, бүгінгі конференцияның мінберінен олмәселелерді де көтеру керек», - дейді Новак. Оның айтуынша, бүгінде энергия ресурстарын жеткізуші компаниялар нарығында әділетсіз бәселестік барынша байқалады. Ондайда экономикалық фактордан бұрын саяси кедергілер басым болып жатады. Ал тұтынушылардың мүддесі ескерілмейді. «Мәселен, Еуропалық комиссияның энергетикалық мәселелерге қатысты өкілеттігі күшейіп келеді. Біз оны анық байқап отырмыз. Өкінішке қарай, коммерциялық компаниялардың өзара келісіміне араласу, маңызды инфрақұрылымдық жобаларға ешбір негізсіз өзгеріс енгізу сияқты әрекеттер бар. Бұның барлығы алдымен тұтынушыларға кері әсерін тигізіп отырғаны айдын анық», - деп атап көрсетті Новак.

Ресейдің энергетика министрі Еуропа мемлекеттерінің санкциялық текетіреске тым әуестеніп кеткені жайында айтып отыр. Соның салдарынан энергия ресурстарын жеткізуші компаниялар сан алуан тосқауылдар мен шектеулерге тап болып жатыр. «Сөз жоқ, энергетика саласында геосаясаттың күшейіп кетуі тұрақты энергетикаға кері әсерін тигізуде. Сосын кейбір энергия көздерін өндіру шараларына преференция беру, бейбіт атомды дамытуға шектеу қою ол да әділетсіз бәсекелестіктің бір көрінісі болса керек», - дейді Новак.  

Соңғы жаңалықтар