Qazkom Қазақстанның Халық Банкімен өзара келіссөздер жүргізе бастады

None
None
    АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазкоммерцбанк» АҚ «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-мен өзара келіссөздерді жүргізе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазкоммерцбанк» АҚ-ының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ы (ҚКБ) мен Кеңес Рақышев мырза ҚКБ мен Халық Банкі арасында әлеуетті мәміле жөнінде «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-мен («Халық Банкі») алдын ала келіссөздерді жүргізе бастағаны туралы хабарлайды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, қосымша ақпарат қажетті болған жағдайда тиісті мерзімде берілетітін болады.

Бұның алдында, бірқатар БАҚ, дереккөздерге сілтеме жасап, Қазақстанның екі ірі банкі бірігу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқандығын хабарлаған. Алайда 2016 жылы қараша айында Қазком өкілдері Халық банкімен арадағы келіссөздерді жоққа шығарған. Өз кезегінде, көп ұзамай, Халық банк бұл БАҚ-тың дақпырты болуы мүмкін деп мәлім етті.

Қазкоммерцбанк (Qazkom) Қазақстанның ең ірі жүйе құрушы банкі әрі негізгі төлем агенті болып табылады. 2016 жылы банк шағын және орта кәсіпкерлер мен жеке клиенттерге бағытталған жаңа бизнес-стратегияны қабылдаған болатын. Осы стратегияны іске асыру банкке ШОБ және жеке клиенттерге кредиттерді беру көлемін ұлғайтуға және инновациялық банктік өнімдерде Qazkom-ның технологиялық көшбасшылығын нығайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар банк өткен жылы клиенттік сервиске масштабты өзгеріс енгізіп, өз бөлімшелерінде қызмет көрсетудің сапасын түбегейлі жақсартты.

 «Қазкоммерцбанк» АҚ Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі банктердің бірі болып табылады. Банктің активтері 2016 жылғы 30 қыркүйекке 5 139 млрд теңгені құрады. Банк қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызмет көрсету салаларында қызмет ететін еншілес компанияларға ие. Сонымен қатар Банктің Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында еншілес банктері бар. Банктің ірі қатысушылары: К.Х. Рақышев мырза, «Qazaq Financial Group» АҚ, «Орталық-Азиялық инвестициялық компания» АҚ, Н.С. Субханбердин мырза, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. Банктің акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (KASE) ресми тізіміне енгізілген. Негізгі активтері болып банк акциялары табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар (ЖДҚ) Лондон қор биржасының (ЛҚБ) листингінде орналастырылған. Банк ТМД банктерінің қатарында бірінші болып 2006 жылғы қарашада 845 млн. АҚШ доллары сомасына Лондон Қор Биржасында ЖДК нысаны бойынша IPO аяқтады.

Соңғы жаңалықтар