Пробация институтын жетілдірудің екі моделі енгізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Пробация туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, Заң жобасында сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробациялаудың екі жаңа моделі  көзделеді. Сотқа дейінгі пробациялау күдіктінің мінез-құлқын түзетуге, оның қайтадан қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол бермеуге бағытталған әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге негізделеді. Ол кәмелеттік жасқа толмағандарға, зейнеткерлік жастағы әйелдерге, жүкті әйелдерге, сонымен бірге үш жасқа дейін баласы барларға, мүгедектерге,  63 жастан асқан азаматтарға, үш жасқа толмаған баланы жалғыз тәрбиелеп отырғандарға қатысты қолданылады. Ал пенитенциарлық пробация қылмыстық атқару жүйесі мекемесінен бостандыққа шығатын сотталушыны қоғамға бейімдеу мақсатын көздейді. 

Заң жобасы «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасының 33-қадамын орындау аясында әзірленеді. Онда пробация институтын әрі қарай жетілдіруге, атап айтқанда, осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуге және пробация ұғымдарын, қағидаттарын, субъектілердің құзыреттері мен фунцияларын, осы қызмет пен пробацияға жататын адамдардың мәртебесін айқындауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар