Президент Назарбаев Университетіне оқуға түсетіндер жайындағы қауесетке жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Назараев Университеті мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің есігі барлық адамдарға ашық екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқуға түсу өте объективті және қандай да бір субъективті факторларға қатысты емес. Бұл негіз болатын ұстаным, осыны барлығы білуі тиіс. Университет қандай да бір ерекше топ үшін ашық екенін, сондай-ақ оған қомақты қаржы жұмсалып жатыр деген белгілі бір элитаның қауесеті бар екенін білемін. Бұл қаржы Қазақстанның болашағы үшін игерілуде. Бұл университет біздің елдің активі, ал түлектер біздің болашақтың алтын қоры. Оқуға түсуге 10 мыңға дейін талапкер үмітті болғанымен, олардың арасынан 400-500 талапкер оқу орнының студенті атанады. Жетістікке жеткендер мен бәсекеге төтеп бергендер объективті түрде оқуға түседі»,-деп қадап айтты Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы жоғары оқу орнында барша Қазақстаннан ең талантты деген жастар білім алып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, Елбасы биыл Назарбаев Университетін тәмамдаған түлектерді құттықтап, докторантура бағдарламасының алғашқы тоғыз түлегіне дипломдарын табыстады. Биыл оқу бітірген студенттер саны 737 адам,оның ішінде бакалавриат бағдарламасы бойынша 499 түлек, магистратура бағдарламасы бойынша 229 студент және PhD дәрежесіне ие болған докторантура бағдарламасының ең алғашқы 9 түлегі бар. Ерекше үлгідегі дипломға 75 түлек ие болды.

Соңғы жаңалықтар