Президент айтысқа қатысты өз ойын білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында қоғам қайраткері Жүрсін Ерман айтыс жайында ой қозғады. Оның айтуынша, ақындар Президентті жырлағанда мыңдаған халық қолдау білдіреді. Алайда Мемлекет басшысы ондай «тапсырмаларды» ұнатпайтынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейде менің қиналатыным, бүкіл Қазақстан теледидарынан отырады да, не домбыра тарта алмайды, не сөзінің қисыны келмейді, не әні жоқ. Меніңше, айтыстар алдымен облыстарда өтсе, сол жерлерден жеңімпаз шықса, оларды таңдап, республика бойынша көрсетсе, дұрыс болар еді. Кілең дүлдүлдер шығуы тиіс. Оның сөзі әніне сай болуы қажет. Әйтпесе, сендер Назарбаевты мақтаңдар деп тапсырма бересіңдер, содан кетті, кейде оның ішінде неше түрлі бәлелер айтылып кетеді. Адам тыңдамайтын», - деді Назарбаев. 

Айта кетейік, өз сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея мүшелеріне бір сырын айтып берді. Бұдан бөлек, Президент мемлекеттің дамуына кедергі жасайтын мәселелер төңірегінде ой өрбітті.  

Соңғы жаңалықтар