Президент «Алатау» технопаркін тексеруді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, цифрлық технологияларды дамыту аясында ғылымға негізгі басымдық беріледі. Осы орайда Қазақстанның екі ғылыми орталығына үлкен сенім артылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық Қазақстанда» ғылымға үлкен басымдық беріліп отыр. Осы орайда негізгі екі орталықты атап өткен жөн. Ол - Назарбаев Университеті мен «Алатау» технопаркі. 
 Мен Назарбаев Университетінің зертханаларын аралағанда біраз зерттеулерді көрдім, нәтижесі де жоқ емес. Ал «Алатау» инновациялық технологиялар паркі не істеп жатыр? Шынымды айтсам, оған қолым жетпей жүр. Оны құрғанымызға біраз уақыт болды. Қыруар ақшаны да жұмсадық. Алайда нәтижесі көрінбейді. Өздері не істеп жатыр? Үкіметте отырғандар білетін шығар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Индустриализация күніне арналған жалпыхалықтық көпір кезінде.

Осыдан кейін Президент Үкімет пен Алматы әкіміне «Алатау» инновациялық технологиялар паркін жан-жақты тексеруді тапсырды. «Бізге нақты бір шешімге келу керек. Оны жабамыз ба, жоқ әлде, ары қарай дамытамыз ба? Соны шешіп алу керек», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Айта кетейік ,  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдегі қаржыны қайтаруға қатысты арнайы заңнаманы да әзірлеуді тапсырды. Аталған міндет Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді.  Президенттің айтуынша, бүгінде 25-30 жастағы мамандарға жол беру кере к. 

Соңғы жаңалықтар