Премьер-Министр ЭКСПО бойынша жол картасына өзгеріс енгізуді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО бойынша жол картасына өзгеріс енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көрмеде таныстырылған жобаларды елімізде қолданудың маңыздылығын Елбасы әрқашанда  айтып, өзінің жеке  қадағалауында ұстап отыр. Сол себептен жұмысымызды ары қарай жалғастыруымыз қажет. Бірқатар әкімдіктердің белсенді жұмыс істеп жатқанын министр айтты. Басқа әкімдіктер де жұмысты ілгерілетуі қажет», - деді Үкімет басшысы.
null 

Осы ретте Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысы енгізбек болып отырған күн сәулесі арқылы батарейкаларлы қуаттандыру  технологиясын басқа да облыстарда пайдалануға мүмкіндік бар екендігін атап өтті.

«Сол себепті облыстағы әріптестерден жұмыстарыңызды  жеделдетуді сұраймын. Бүгінгі айтылғандарды қайта қарап, Жол картасына  өзгерістер енгізіңіздер. Келесі жолы бұл жобалардың қалай енгізіліп жатқандығын қарайтын боламыз», - деді Премьер-Министр.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев көрме павильондарында қойылған 105 шетелдік және 28 отандық технология іріктеп алынғанын, оның 27-сі мұнай мен газ, 7-еуі көмір өнеркәсібі, 63-і электр энергетикасы, энергияны үнемдеу және ЖЭК, 36-сы экология салаларына тиесілі екендігін айтқан болатын.
null 

Соңғы жаңалықтар