Премьер-Министр әрбір қазақстандыққа тиесілі баспананың көлемін арттыруды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталған міндет ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында көрсетілген, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейін әрбір қазақстандықты тұрғын-үймен қамту көрсеткішін 30 шаршы метрге арттыруға қатысты ұсыныстарды бір айдың ішінде беруді тапсырамын. Керек болса "Нұрлы жер" бағдарламасына тиісті өзгерістерді енгізейік", - деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев  Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бұдан бөлек, Премьер-Министр қала құрылысы мен жобалау барысында жаңа әдістерді, заманауи материалдарды қолдануға баса назар аударып, ғимараттардың экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажеттігін жеткізді. "Бұдан бөлек, салынатын және салынған нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау тетіктерін әзірлеу керек. Бұның барлығына министр Қасымбек жауапты болады", - деді Б.Сағынтаев.

Айта кетейік, биылғы Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баспанамен қамту көрсеткішін арттыруды тапсырды. "Соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады. Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек", - делінген құжатта.  

Соңғы жаңалықтар