Православие христиандары Шоқыну мерекесіне орай суға шомылуды бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтардың 18-інен 19-ына қараған түні православие діні өкілдері Шоқыну мерекесіне орай суға шомылуды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы уақытта Астанада православие христиандары суға шомылу үшін Есіл өзенінде арнайы әзірленген жерлерге ағылуда.

Оның бірі - М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ауданында («Гранд Алатау» ТК), екіншісі сол жағалауда Орталық қалалық саябақтың («Самал» ш/а) жанында орналасқан.  


Қауіпсіздік іс-шараларын сақтау мақсатында белгіленген жерлерде ТЖД-нің арнайы бөлімшелер мамандары, құтқарушы-сүңгуіршілер, медициналық қызметкерлер кезекшілік етуде. 

Өз кезегінде Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде суда ұзақ уақыт болуға тыйым салынғанын, алкогольді мас күйде суға түсуге болмайтынын ескертуде. 









 

Фото әлеуметтік желіден алынды

Видео: Ильзат Сафаргалиев. 

Соңғы жаңалықтар