Полицияға бағынбаған әйел миллиондап айыппұл төлеуі мүмкін

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Полицияға қарсылық көрсеткен Ақмола облысының тұрғыны 2 жылға сотталуы немесе 4,8 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға үстіміздегі жылдың 19 ақпанында Ақкөл ауданында болған. Аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын үйлердің бірінде жанжал болып жатқандығы туралы ақпарат түскен.

«Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы ішімдік ішкен екі ер адамның бір-бірімен жаға жыртысып жатқанын анықтайды. Тәртіп сақшылары ер адамның екеуін де полиция учаскесіне жеткізеді. Алайда, олардың бірінің азаматтық некедегі әйелі полицияларға қарсылық көрсеткен», делінген баспасөз парағында.

Осыған байланысты, ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлімі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған санкция бойынша күдікті 2 000 АЕК, яғни, 4,8 миллион теңге айыппұл төлеуі немесе 2 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар