Полиция мен қоғамның мәдениетін жаңа технологиялар өзгертеді - Бағдат Мусин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Технологияларды енгізу мен оларды кең ауқымда қолдану полиция мен қоғамның мәдениетін өзгертеді. Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Полиция қызметкерлері - халықтың бір бөлігі. Олар бөгде ғаламнан ұшып келген жоқ. Оларды ешкім басқа елден алып келген емес. Олар деген біз. Мұны түсіну керек. Мәдениетті «олардікі» немесе «біздікі» деп бөлуге болмайды», - дейді ол.

Бағдат Мусин өз сөзінде шетелде көлік жүргізіп жүріп, алаңға кіру керектігін білмей, байқамай қалған бір кезде ғана полициямен бетпе-бет келгенін жазады.

«Ол кезде маған полиция жолды көрсетіп, ол жермен жүруге болмайтынын ескертті. Оған қоса сәт-сапар тіледі. Бірақ бізде осындай ма? Егер бізде полиция қызметкерлері бұзылған заңға бір күн ғана көз жұма қараса, бізде тек бәрі ушыға түседі. Неліктен? Өйткені, халық мұның бәрін мәдениеттің дамуы деп емес, бұзушылыққа жол беру мүмкіндігі деп түсінеді...», - дейді ол.

Сонымен қатар, Бағдат Мусин жеке өміріндегі бірнеше мысалдарды келтіреді.

«Біріншісін айтайын, ХҚКО-ларда 5 минуттың ішінде құжатты бере қоятын аппаратты қоймағанша, анықтаманы алу үшін адамдар пара беруін доғармайды. Демек, адамдар өздеріне кезексіз, ың-жыңсыз ерекше қызмет көрсетуін қалайды. Екінші мысал нотариустарға қатысты. Е-нотариат жүйесі енгізілгенше де дәл осындай жағдай қайталанды. Демек, халық амал табудың жолын қайталап, қашан да ұсынуға әзір тұрды. Біз бұл процестерге автоматизацияны енгізбейінше ХҚКО немесе Нотариалдық жүйенің қызметкерлерінің түсінігі өзгермес еді дегенге сенімдімін. Халық пен қызметкерлер - тұтас. Сен бір күні шетелге барып келсең, бір уақытта бәрі де маңайыңда өзгеріп шыға келуі керек деп ойламаған жөн», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол мәдениетті технологиялар ғана өзгертетінін атап өтті.

«Мәселен, Сергек камераларының арқасында айыппұлға іліккен автобустың жүргізушілері қазір тәртіпке бағынып келеді. Сондай-ақ, айыппұлды түсіріп алу бойынша планшетті дұрыс қолдана білетін полиция қызметкері бір заң бұзушы үшін 30 минутын кетіретін, қазір ол айыппұлды 3 минутта жазып береді. Әлбетте, ескертулердің жұмыс атқармай тұрған институтары да бар. Меніңше, оны дұрыс автоматтандырса, ол да жұмыс істеп кетеді. Технологияларды енгізу мен олардың кең ауқымда қолдану полиция мен қоғамның мәдениетін өзгертеді. (әлбетте, мектептен, тәрбиеден бастау да маңызды)», - деп түйді Бағдат Мусин.

Соңғы жаңалықтар