Полицейлер СҚО-ның су басқан аудандарының тұрғындарын көшіруде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Полицейлер атқарушы билік және құтқарушылармен бірігіп, су басқан аудандардың халқына көмектесуді жалғастыруда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавлға жақын Заречный, Тепличное, Прибрежное, Хромзавод, саяжай алқаптарынан адамдар эвакуациялануда.

 «Бұл аудандарда барлығы 5,5 мың адам тұрады. 276 үйді су басты. 994 адам көшірілді, оның 170-і бала, 17-сі мүгедек. Халыққа қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде», - деді ІІД баспасөз қызметінде.

Петропавл ЖПҚ, ІІБ, Қызылжар АІІБ күштері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Жолдарды торуылдау жұмыстары жүргізілуде.

Баспасөз қызметіндегілер СҚО ІІД бастығы полиция генерал майоры Берік Біләловтің күндіз де, түнде де   су басқан ауданда жүргендігін  айтты. 

2 3 4 5  

Соңғы жаңалықтар