Польша поштасы Бәйтеректің суреті бейнеленген марка шығарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 маусым күні «Польша поштасы» АҚ Польша кәсіпкерлікті дамыту агенттігімен (PARP) серіктестік барысында жасалған «Астана EXPO 2017 халықаралық көрмесі» сериялы пошта маркасын шығарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Астанадағы Польша елшілігіне сілтеме жасап.

«Тиражы 120 мың дананы құрайтын марканың авторы польшалық дизейнер Анджей Госик. Марканың көлемі: 39,5 x 31,25 миллиметр, флуоресценттік қағаз қолданылды», - делінген хабарламада.

Дипломатиялық өкілдіктің дерегі бойынша, онда бейнеленген композицияда графен атомдарының өрнегіндегі аспан аясында өсіп жатқан ағаштың «Бәйтерекке» жалғасып жатқаны көрсетілген. Марканың «Табиғи ресурстар», «Графен», «Көгілдір көмір» және «Ревитализация» жазуларымен польшалық көрменің сарыны бар төрт купоны бар.

«Астана EXPO 2017 халықаралық көрмесі» сериялы пошта маркасы көрме кезінде 2017 жылдың 17 маусым күні сағат 15:00-де ЭКСПО 2017-дегі Польшаның павильонында таныстырылады. 

Соңғы жаңалықтар