Пхенчханда норовирусты волонтерлар жұқтыра бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында норовирус жұқтырған тағы 14 адам тіркелді, деп хабарлайды Los Angeles Times агенттігі.

Аурудың алдын алу орталығы таратқан мәліметтерге сүйенсек, норовирус жұқтырғандардың саны 275 адамға жеткен. Олардың ішінде Олимпиада волонтерлары да бар.

Ауру жұқтырған 53 адам әлі де карантинде. Басқалары қалыпты қызметтері мен міндеттеріне қайта оралды.

111 вирусын жұқтырудың нақтыланған деректері ең көп қауіпсіздік қызметкерлерінің арасында тіркелді. Аурудың шығуына Пхенчханда асты дайындауға пайдаланатын судың ластығы себеп болған. 

Соңғы жаңалықтар