Petya Ресей мен Украина компанияларына шабуылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мен Украина компаниялары Petya шифр анықтаушы-вирустың шабуылына тап болды. Бұл туралы киберқылмыстардың алдын алумен және тексерумен айналысатын Group-IB компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вирус компьютерлерді бұғаттап, электронды төлем жүйесі арқылы 300 доллар көлемінде ақы талап етеді, деп жазады ТАСС агенттігі.

Ресей мен Украинаның компанияларына ауқымды шабуыл Астана уақытымен сағат 16.00 шамасында тіркелді. Group-IB компаниясының хабарламасында мәлім етілгендей, аталмыш вирустың жергілікті желі бойынша таралуы WannaCry вирусымен бірдей. Компания мамандары жуырда Petya вирусын қаржы мекемелеріне мақсатты шабуылдардың ізін жасыру үшін Cobalt тобы пайдаланғанын анықтаған.  

Кибершабуыл салдарынан зардап шеккендер арасында «Башнефть», «Роснефть», Mondelеz International, Mars, Nivea, TESA және өзге де компаниялар бар», - делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ вирус Украина үкіметінің компьютерлеріне, «Ашан» дүкеніне, Приватбанкіне,сондай-ақ «Киевстар», LifeCell, Укртелеком байланыс операторларына шабуылдаған.

«Болжам бойынша, «Борисполь» әуежайы да хакерлік шабуылға тап болды. Одан бөлек,  «Запорожьеоблэнерго», «Днепроэнерго» және «Днепр электроэнергиясы жүйесі» кәсіпорындары зардап шекті», - деп атап өтеді Group-IB.

 

Соңғы жаңалықтар