Петропавлдың бірнеше көшесі мен ауласы жарықсыз қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың бірнеше көшесі үш тәулік бойы жарықсыз отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір көшелері мен аулалары, нақтырақ айтқанда 19-шы және 20-шы шағын аудандары кешкісін қаратүнекке айналады.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылар бұл мәселені қазір жергілікті пабликтерде талқылай бастаған. Тұрғындардың алаңдаушылықтарын түсінуге болады. Қараңғы көшелерде ересектер де балалар балабақшаларға, мектептерге барады және ол жақтан үйлеріне тағы сол қараңғы жолмен қайтады.

«Жаяу жүргіншілер жолымен жүру қауіпті болып тұр. Өйткені жүргіншілер қараңғы жолда көрінбейді. Мектеп оқушыларының көпшілігі жалғыз жүреді. Қылмыскерлер үшін түн мезгілі нағыз «әрекет» ететін кез. Әлде біз адамдардың сол қылмыскерлердің қолынан зардап шеккенін күтіп жүрміз бе?», деп жазады жағдайға алаңдаушылық білдірген петропавлдықтар желіде.

Қала тұрғындары электр жарығының сөндірілуінің көптеген себептерін айтып отыр. Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін «ҚазАқпарат» тілшісі Петропавл әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып, осы мәселеге ресми жауап беруді сұрады.

Соңғы жаңалықтар