Петропавлдағы демалыс саябағының атауы Тұңғыш Президент саябағы деп өзгереді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда қалалық мәдениет және демалыс саябағының атын Тұңғыш Президент саябағы деп өзгерту бойынша қоғамдық тыңдалым өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мафруза Науанова хабарлағандай, құрамында Петропавлдың құрметті тұрғындары мен ардагерлері бар бастамашылық топтан саябақтың атын өзгерту туралы  өтініш түскен.

«Өтініш қаладағы аудандардың атын өзгерту бойынша ұсыныстармен айналысатын жұмыс тобының отырысында қаралды. Жұмыс тобының мүшелері мәдениет және демалыс саябағының атын Тұңғыш Президент саябағы деп өзгерту туралы өтінішті бірауыздан қабылдады. Материалдар қалалық мәслихатқа жолданды», - деді М.Науанова.

Қазіргі таңда саябақты қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар