Петропавлда жарыстан шыққан кикбоксшы есінен танып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Турнир аяқталғаннан кейін бір жарым сағаттан соң астаналық спортшы Азамат Досымбай есінен танып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшы жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір ол ес-түссіз жатыр. Дәрігерлер спортшының өмірін сақтап қалу үшін бар күштерін салуда.  Кикбоксердің ата-анасы Петропавлға келіп қойды.    

«Бес раундқа созылған жекпе-жекте Азамат Досымбай жеңіліп қалған болатын. Өзін жайсыз сезінген ол, сәлден соң далаға шығып есінен танып қалды. Қазір спортшы ауруханада  медикаментоздық ем алып жатыр, әлі есін жиған жоқ», - деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин.

9 желтоқсанда 18-ші «Қызылжар» республикалық турнирінің аясында Кикбоксингтен ҚР кубогының финалы өткен еді. Жарыс соңы халықаралық   «Steppe Fighters»  мачтық кездесуіне ұласты.  Рейтингтік кәсіби жекпе-жектер алаңына Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның алты спортшысы шығып күш сынасты. 

Соңғы жаңалықтар