Петропавлда үздік ақынға автомобиль тарту етіледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Сегіз Серінің 200 жылдығына орай «Сал-серiлердiң серкесi» тақырыбында республикалық айтыс болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда Алматы, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Семей, Талдықорған, Көкшетау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының үздік ақындары айтысады.

Бас жүлденің жеңімпазына Renault Duster автомобилі сыйға тартылады. Бірінші орынға - 1 миллион теңге, екінші орынға - 500 мың, үшінші орынға - 300 мың теңге беріледі.
null 

Қазылар алқасының құрамына: Баянғали Әлiмжанов, Ербол Бейiлхан, Жарасбай Сүлейменов, Серiк Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Дәстен Баймұқанов кіреді. Қазылар алқасының төрағасы - ақын Ғалым Жайлыбай.

null null 

Соңғы жаңалықтар