Петропавлда полицияның аттары иппотерапияға пайдаланылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы жол-патрульдік полициясы батальонының атты взводы атпен жүру емін жүргізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мұнда аптасына үш рет тірек-қимыл жүйесінде кемшілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушылары келеді. 8-15 жас аралығындағы 15 ұл-қыз бір сағат бойы қызметтік аттарға мініп, серуендейді. Кавалерлік бөлімнің командирі Жанат Смағұловтың айтуынша, балаларға міндетті түрде дәрігерлер еріп жүреді. Олар иппотерапия (атпен жүру емі) тиімділігін бақылап отырады. Полицейлердің пікірінше, атқа мінген балалардың тек денсаулығына ғана емес, сондай-ақ олардың көңіл-күйіне де тигізер пайдасы зор.

Атпен жүру емінің басты ерекшелігі -ер-тоқымсыз атқа жайдақ мінуінде. Осылайша күнделікті қозғалыста қимылға түспейтін бұлшықеттер қимылдай бастайды. Балалардың аяқтарына ат қозғалғанда массаж жасалынып, жануардың жылуы беріледі. Жануардың дене температурасы 38 градус. 

Соңғы жаңалықтар