Петропавлда офтальмологиялық орталық және екі балабақша ашылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында салынып жатқан нысандарды аралады, деп хабарлады СҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Олардың бірі - халыққа амбулаториялық стационарлық көмек көрсетуге арналған офтальмологиялық диагностика орталығы. Жобаны «Есіл-Диагностик» ЖШС-ы жүзеге асыруда. Компания директоры Александр Рыловтың мәліметі бойынша нысан ашылған кезде онда 27 жаңа жұмысшы алынады.
null
Облыс әкімі құрылыс жергілікті биліктің бақылауында екенін атап өтті. Құмар Ақсақалов орталықты жыл соңына дейін тапсыру міндетін қойды.
Сонымен бірге екі балбақшаны пайдалануға беру жоспарланған. Оларды «Егоровские склады» ЖШС МЖӘ аясында салуда. Балабақшалар қаланың Юбилейный және Орман аудандарында орналасқан. Мектепке дейінгі мекеме 90 және 140 орынға арналған.
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар