Петропавлда мұздағы ралли-спринт өтіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында ралли-спринт бойынша ашық кубок өтуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қысқы автоспорт түрінің әуесқойлары бүгін Пестрое көліне жиналып, өз көліктерінің күшін көрсетуде.

Ралли-спринтке Петропавл қаласынан 14, Көкшетаудан 6 автомобиль қатысуда. Экипаж әдеттегідей жүргізуші мен штурманнан тұрады. Жарысқа арты, алды және арты мен алды бірдей тартатын көліктер қатысты. Джиптер ралли-спринтке қатыстырылған жоқ.  

Сенбі күні іріктеуден өткен спринтшілер бүгін жарыс жолына шықты. Жүргізушілердің шеберлігі алты шақырымдық жолдағы жылдамдық пен уақыт арқылы анықталады. Жарыс жолына бір-бір көліктен шығады.

Петропавл автоәуесқойлары үшін жазғы және қысқы жарыстар жыл сайын дәстүрге айналған. Ал Пестрое өзенінде ралли-спринт биыл бірінші рет өтіп тұр.

null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар