Петропавлда мерекелік декорация жас қызды басып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл орталығында мерекеге арналып құрылған декорация жас қыздың үстіне құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Конституциясы көшесіндегі көрнекі арка сол маңнан өтіп жатқан қыздың үстіне құлады. Жәбірленуші жедел ауруханаға жеткізілген.

Петропавл денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, қыз №3 қалалық аурухананың травматологиялық бөліміндежатыр, жағдайы ауыр.

Конструкцияның құлауына күшті жел себеп болуы мүмкін. Еске сала кетейік, өңірде 19-20 наурызда ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар