Петропавлда аударылған көліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың әлеуметтік желі қолданушылары бүгін аударылған автомобильдің суреттері мен видеоларын көріп, дүрлікті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Куәгерлер оқиға орнындағы суреттер мен видеоларды барлық әлеуметтік желіге таратты. Ақ түсті «Ауди» қала көшелерінің бірінде қасындағы көліктерді соғып, содан соң аударылған.

СҚО ІІД баспасөз қызметі К. Сутюшев көшесіндегі жол-көлік апатын растап, «Ауди» маркалы көлік жүргізушісінің қашып кеткенін мәлімдеді.

«Ауди» көлігінің жүргізушісі рульге  ие бола алмай, жолдың жиегіндегі тұрақта тұрған автомашиналарды соққан. Жол-көлік апаты салдарынан машина аударылып, оның жүргізушісі апат орнынан жаяу ізін суытқан. Жергілікті полиция қызметі ЖКА орнында қажетті іс-шараларды жүргізгеннен кейін, машинаны айыппұл тұрағына қойды», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

СҚО ІІД ЖПҚ іздеу бөлімінің бастығы, полиция капитаны Мадияр Хариповтың айтуынша, жүргізуші анықталуда, оны ұстау шаралары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар