Петропавлда 3 күн іздеуде болған оқушы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында 3 күн бұрын жоғалып кеткен 7 сыныптың оқушысы темір өткізетін орыннан аман-есен табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқушының анасы үш күннен кейін ғана ұлының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабар берген. Жас бала үйінен шығарда ұялы телефонын алмай, ескертусіз шығып кеткен.

«Ата-анасының айтуынша, бала дәл бұлайша үйден ескертусіз шықпаған. Баланы іздеу жұмыстарына қаланың барлық полиция қызметі, жол сақшыларынан бастап жасөспірімдер жөніндегі полция қызметкерлерінің бәрі жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары кезінде қаланың түкпір-түкпірі, жастардың көп жүретін орыны мен компьютерлік клубтардың барлығы тексерілді», - деп хабарлайды ІІД-нен.

Ақыры, құқық қорғаушылар жас баланы қаланың 20-шағын ауданында темір өткізетін орыннан тауып алған. Жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция баламен жұмыс жүргізіп, оны ата-анасына тапсырған.

Соңғы жаңалықтар