Петропавлда 200-ден астам офицер түлеп ұшты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы Әскери институтының 209 түлегі әскери оқу орнын аяқтау жөніндегі дипломдар мен «лейтенант» шендерін алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Бүгін біз институт офицерлерінің 17-інші, сондай-ақ халықаралық шығарылымның бесінші легін шығарып салып отырмыз. Қазақстандық түлектерден бөлек, Тәжікстанның - тоғыз, Қырғыстан Республикасының бес өкілі дипломдарын алды. Барлықтарыңыз Ұлттық гвардия әскерінің қатарын, сондай-ақ өз мемлекеттеріңіздегі қарулы күштер қатарын толықтырып, міндеттеріңізді лайықты атқарады деп сенемін», - деді ҚР Ұлттық гвардиясы Бас қолбасшысының орынбасары, мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы генерал-майор Альберт Мәткәрімов.

Сонымен қатар, 1-оқу батальоны түлектеріне офицерлік шендер табысталды. Қалыптасқан дәстүр бойынша бауырлас үш республиканың  мемлекеттік тулары көтерілді.

Әскери институт 20 жыл ішінде он жетінші толқынды шығарып салып, 3100 офицерге жолдама берді, олардың 252-сі институтты үздік бітіріп, 45 түлекке «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгілері  табысталды. 

Соңғы жаңалықтар