Петропавл тұрғыны қолдан жасалған қаламға ұқсас тапаншаны сатпақ болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының тәртіп сақшылары қаламға ұқсас тапаншаны сатпақ болған 34 жастағы тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұсталған азаматтың «қалам-пистолетті» оғымен сатпақ болғанын анықтады. Күдіктіден екі оғымен бірге тапанша тәркіленгеннен кейін құқық қорғаушылар қажетті тергеу амалдарын қолға алды.

«Маманның қорытындысына сәйкес қару қолдан жасалған және ол атылады. Қаруды заңсыз жасап оны өткізбек болғаны үшін күдіктіге ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылды. Кінәсі дәлелденсе ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді СҚО ІІД ҰҚҚБ бастығы Әлихан Байқадамов.

Соңғы жаңалықтар