Петропавл саяжайларын су басуы мүмкін

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да су тасқынына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 28-30 сәуір күндері Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріледі деп күтілуде және Петропавлдағы қауіпті меже - 1050 сантиметрге жетеді. Қала іргесіндегі саяжайларды су басу қаупі бар.

Кеше Петропавлдағы  тас жол арқылы судың жүріп кетуіне  байланысты «Челябинск-Новосибирск» тас жолының учаскесі жабылып қалды.

Бүгінде аймақта екінші ауа райы туралы ескерту жарияланды. Ертең облыста желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшті жел болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар