Петропавл-Есіл жолында соқтығысқан үш көліктің күл талқаны шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Петропавл - Есіл» тас жолының 36 шақырымында бір-біріне соқығысқан үш көліктің күл-талқаны шықты. Жол апатының ауырлығына қарамастан, ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға кеше тіркелген. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Субару» автокөлігі «Ниссанмен» соқтығысып, мұның салдарынан үшінші «Газель» көлігі де зардап шеккен.
null 

«Субару» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі көлікті озар кезде толық қарап алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Ниссанмен» соқтығысқан. Бұған қоса өзімен бір бағытта кетіп бара жатқан «Газель» көлігін де іліп әкеткен. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.
null 

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сотқа жолдау үшін «Субару» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты іс қозғады. Құқық қорғаушылар істің мән-жайын анықтау үстінде.

Соңғы жаңалықтар