Павлодарлық Нина Белова республикалық «Туған жерім» атты конкурста II орын иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Туған жерім» атты республикалық графика бойынша балалар шығармашылығы конкурсының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 1 Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Нина Белова «Түркістанға саяхат» суреті үшін II орынға ие болды. 

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

14 жастағы Нина өз жұмысында түрлі түсті қарындаштармен ұлттық стилистика мен қазақ ою-өрнегінің элементтерін іскерлікпен қолданып, Қазақстан табиғатының әдемілігін көрсетті. Астана қаласындағы Тұңғыш Президет мұражайында конкурс жеңімпаздары мен финалистері жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

«Нина, Назарбаев интеллектуалды мектебінің 8 сынып оқушысы, өте шығармашылық тұлға, интеллектуалды дамыған, акварельді кескіндеме техникасында сурет салуды ұнатады», - дейді оқытушысы Светлана Рейн.  

Соңғы жаңалықтар