Павлодардағы веложарыс Орталық Азиядағы ең ұзын көпір арқылы өтеді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Қазақстан халқының бірлігі күні жаппай веложарыс ұйымдастыру жоспарланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа 1500 адам қатысады деп күтілуде. Өңір әкімшілігінің аппараттық жиналысында маршруттың ұзақтығы 30 шақырымды құрайтындығы хабарланды. Ол Павлодар-Ақсу тасжолында - Орталық Азиядағы ең ұзын көпір арқылы өтеді. Облыс орталығындағы Кенжекөл ауылы аумағынан мыңға жуық адам бәсекені бастаса, Ақсу қаласынан оларға қарама-қарсы 500 адам велосипедпен шығады.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов веложарыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасын ету үшін барлық мәселені қарастыруды тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар