Павлодарда Volkswagen автомобилі түгі қалмай жанып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Павлодар қаласында Volkswagen маркалы көлік толығымен жанып кетті. Бұл жөнінде облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

«18 қаңтар күні Катаев  және Естай көшелерінің қиылысындағы «Артур» сауда үйінің көлік тұрағында Volkswagen автомобилі отқа оранды. Өрт көлік қозғалтқышындағы қысқа тұйықталу себебінен шыққан. Зардап шеккендер жоқ, - деді ведомствода. Аумағы төрт шаршы метр көлемді шарпыған жалынды ауыздықтауға ТЖ қызметінен бір техника мен  бір РСК-50 (өртті қолмен сөндіретін оқпандар)  қолданды. Қазіргі кезде  келтірілген шығын көлемі есептелуде. 
null 

Соңғы жаңалықтар