Павлодарда тарихи тұлғаларды зерттеушілер клубы ашылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік универсиетінде тарихшы Асан Әзірбаев тарихи тұлғаларды зерттеумен айналысатын клуб ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл менің бастамам. Мен қандай да бір мемлекеттің тарихи процесіне тікелей немесе жанама қатысы болған азаматтарды зерттеймін»,-деді А.Әзірбаев.

«Мен басты назарды екі мәселеге бағыттымақпын. Персоналистік концепция деген бар. Онда нақты бір тұлғаның тарихи процестерге әсер ететіндігі жөніндегі мәселелер қамтылады. Сондай-ақ антиперсоналистік парадигмалар бар. Онда тұлғаның тарихи үдерістерге қандай да бір тарихи жағдайлар мен өзге де факторларға байланысты ықпал ететіні айтылады. Біз осы екі пікірлерді біріктіре отырып, қандай да бір тұлғаға қатысты нақты объективті көзқарас танытуға тырысамыз»,-дейді тарихшы.

Аталмыш клуб Қазақстан тарихы кафедрасының базасында құрылды. Клубты ұйымдастырушылар жастарға жан-жақты білім мен дұрыс тәрбие беруді басты мақсат етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар