Павлодарда шабдалы тосабы арқылы сотталушыға есірткі өткізуге әрекеттенген

None
None
 ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда АП-162/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыға қала тұрғыны айлакерлікпен тыйым салынған есірткі затын өткізіп жібермек болған.  

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің маманы Айгүл Сыздықова айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Мекеме қызметкерлері қабылдау-тапсыру бөлмесінде сотталушы Б.Кацскийге А.Мартенс деген азаматтан келген заттарды тексеру жүргізген», - дейді Айгүл Сыздықова. - Сол сәтте «Шабдалы тосабы» деген жазуы бар пластмасс банкі көзге түскен. Ыдысты ашқан кезде ішінен сұрғылт-жасыл түсті белгісіз зат салынған целлофан қалта шыққан».

Осы жағдайға қатысты Павлодар қаласы ІІБ-ның оңтүстік тергеу тобы шақырылды. Маманның айтуынша, шыны ыдыс сот-химиялық сараптамаға жіберілген. Нәтижесінде тосаптың ішінен табылған зат есірткі - марихуана екені анықталды. Аталмыш факті бойынша материалдар қылмыстық деңгейді анықтау мақсатында сотқа жөнелтілді. 
null null 

Соңғы жаңалықтар