Павлодарда өңірдің үздік мемлекеттік қызметшілері мен ардагерлер марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада үздік мамандар  марапатталды.

Мемлекеттік қызметшілерді ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Қалиева құттықтады, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz .

«Павлодар облысында 5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Біздің мемлекетіміздің ең басты жетістігі - мемлекеттік қызметшілер амбициясының жақсы қалыптасуы. Егер кез келген маман «мен мемлекеттік қызметшімін» деп өзін мемлекеттің бет-бейнесі ретінде сезінетін болса, азаматтарда оған деген сенім мен құрмет болады. Өйткені ол басқаларға үлгі болуы шарт. Аймақтағы мемлекеттік қызметтің дамуына баға жетпес үлес қосқандарыңыз үшін барлығыңызға алғыс айтамын», - деді Гүлмира Қалиева.

Департаменттің Алғыс хаты мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Әсия Серғазинаға, Нұрлан Рамазановқа, Ғабдулғани Ибрагимовқа табыс етілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласында көп жыл қызмет еткен еңбек әулеттеріне де құрмет көрсетілді.

 Шара соңында өздерінің іс-тәжірибесімен үлгі болып келе жатқан үздік мамандар да марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар