Павлодарда Мағжан Жұмабаев оқуларының жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында Мағжан оқулары өтті. Білім беру бөлімінің мәліметінше, шараға қаланың 30 жалпы орта білім беру мектебінен 5-11 сыныптардың 52 оқушысы қатысқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 

- Ережеге сай конкурс үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Оқушылар Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған жобаларын қорғады және өздері шығарған өлеңдерін оқыды, ақынның өлеңдерін жатқа білетіндерін көрсетті. Мағжан оқуларының мақсаты - оқушылардың шығармашылыққа қызығушылықтарын туғызу, ақын сөзінің терең мағынасын түсіну, өз ойын ғылыми тұрғыда жеткізе білу, - дейді бөлім маманы Балжан Әділханова. Нәтижесінде Мағжан шығармаларын жатқа оқу «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша І орынды № 37 мектеп оқушысы Дильназ Қунышбекова жеңіп алды. ІІ орынды № 20 лицей оқушысы Әсия Садатова мен № 39 мектеп оқушысы Евгений Федотов өзара бөлісті. ІІІ орынды № 19 мектеп оқушысы Шынар Батырбекова, № 30 мектеп оқушысы Айғаным Қабдуахит, № 40 мектеп оқушысы Мөлдір Жәкенова иеленді. Жас дарындар конкурсы «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша І орынды № 20 лицей оқушысы Ахан Жұрағат қанжығасына байлады. ІІ орынды № 25 мектеп оқушысы Аягүл Абылайқызы мен № 35 мектеп оқушысы Шыңғыс Жылқыбай, № 37 мектеп оқушысы Алуа Елеусізова, №12 мектеп оқушысы Нұрбек Кәрібай иеленді. «Толқынмен толқын сырласып...» бағытында М. Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде І орынға № 37 мектеп оқушысы Данеля Галлямова, ІІ орынға № 20 лицей оқушысы Ғазиз Қайырбай, № 22 мектеп оқушысы Арайлым Қияқова ие болды. ІІІ орынды № 19 мектеп оқушысы Аяжан Сейітбек, № 29 мектеп оқушысы Айнұр Аманжолова, № 7 мектеп оқушысы Рузия Бекеева иеленді. І орынға ие болған оқушылар облыстық конкурста қаланың абыройын қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар