Павлодарда қыздар арасындағы Ұлттық волейбол лигасының үшінші кезеңі басталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жеті күнге созылатын турнирде павлодарлық «Ертіс-Қазхром» чемпионат лидері өскемендік «Алтай» командасынан қалып келе жатқан 8 ұпайды азайтуға тырысады. «Алтын» алуға лайық қос команда бүгін 19 қаңтарда кездеседі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА pavlodarnews.kz">pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

2017 жылы ойналған қос кезеңнен кейін Өскемендік команда 40 ұпай жинаған болатын. Павлодар қыздарының қоржынында 32 ұпай бар. Үшінші орында Талдықорғанның «Жетісу» командасы 30 ұпаймен тұр.

Үшінші кезең 18 қаңтарда басталды. Ойындар «Баянтау» спорт кешенінде өтіп жатыр.

Алғашқы тартыстарда турнир кестесінің мықтылары бір біріне дес берген жоқ. «Алтай» клубы «Қарағанды» қыздарын жеңсе, «Ертіс-Қазхром» теріскейдің «Қуанышын» артқа қалдырды. «Жетісу» қыздары «Алтай-2» командасынан басым түсті.

Мамандардың айтуынша, бүкіл кезеңнің негізгі ойыны бүгін кешке басталады. Павлодарлықтар Өскеменнің қыздарын жеңу үшін бар күштерін салмақ.

Соңғы жаңалықтар