Павлодарда экологиялық дәрежесі К4 АИ-92 бензинінің алғашқы партиясы алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 163 тонна экологиялық класы К4 АИ-92 бензині Павлодар мұнай-химия зауытынан Алматыға жөнелтілді. Бұл жайлы ПМХЗ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жанармайдың сапасы Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы берген «Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестік декларациясымен» және «ПМХЗ» ЖШС зертханасында аккредиттелген «АИ-92-К4 автомобиль бензиніне берілген өнім төлқұжатымен» бекітілген. Жаңа өнімнің шығарылуы зауыттың Кедендік одақтың техникалық регламенттері талаптарына сай К4 және К5 экологиялық кластарының өнімін өндіру мақсатына қол жеткізгенін білдіреді», - делінген хабарламада.

Зауытты жаңғырту жобалары аясында құрылған жаңа қондырғылар мен жобалық қуаттардың іске қосылуы жылдық жоғары октанды бензин өндіру қуатын 1 081 мың тоннадан 1 492 мың тоннаға дейін (1,4 есе) арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан тыс, Jet A1 халықаралық стандартының әуе жанармайын өндіру қамтамасыз етіледі.

Еске сала кетсек, «ПМХЗ» ЖШС-ті жаңғырту 2009 жылы басталған, оның техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) Италияның Eni S.p.A компаниясы тарапынан жасалған. 2011 жылдың қазан айында «Мемсараптама» РМК ТЭН-ге оң қорытынды шығарды. 2017 жылы қазанда жаңғырту жобасы аяқталды.

Соңғы жаңалықтар